Атырау облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жетті

30 тонна гуманитарлық көмек Атырау облысына арнайы рейспен жеткізілді

Фото:Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Гуманитарлық көмектің көп бөлігі Жылыой ауданының су басқан елді мекендеріне жіберілді, деп хабарлайды Newsroom.kz

30 тонна гуманитарлық көмек Атырау облысына арнайы рейспен жеткізілді. Су басқан елді мекендерден келген адамдар үшін бірінші қажеттіліктегі  заттарды "Біз біргеміз" ұлттық қоры жөнелтті, - деп баяандады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Атырауға жеткен 30 тонна жүктің 22 тоннасы Жылыой ауданына, 2 тоннасы Теңіз вахталық кентінің эвакопункттеріне жіберілді, 6 тоннасы еріктілер штабының резервінде қалды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жүктелуде...