weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде қазақстандық жолаушылар мінген автобус жол апатына түсіпті

Қаза тапқандар бар

Ресейде қазақстандық жолаушылар мінген автобус жол апатына түсіпті
Фото: pixabay.com

Ресейдің самара облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуір күні сағат түнгі 1:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Scania автобусының жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, Урал - Муханово тас жолының 26-шақырымында жолдан шығып, аударылып кеткен. Самара облысы жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының мәліметінше, жол апатынан екі жолаушы қаза тауып, он адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Анықталғандай, Scania автобусы Қазақстанда тіркелген, ол Нижний Новгородқа Өзбекстан азаматтарын тасымалдаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→