Жасұлан Бисембиев: "Атырау қаласында эвакуацияланған азаматтарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар"

Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша: Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнына көшірілді

Фото: Newsroom.kz

 Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Құлсарының қазіргі жағдайын штаб отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталының Атыраудағы меншікті тілшісі.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша: Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнына көшірілді.

 ⁃ Су тасқыны жағдайына байланысты эвакуация бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған азаматтарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын азаматтар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды, - деді Жасұлан Бисембиев.

Сондай-ақ, штаб отырысында Құлсары қаласын сергек камералары арқылы бақылауда ұстап отыр. Бүгінгі кейбір жерлерді құтқару және суды сору жұмыстары жүргізілуде.

Жүктелуде...