Жаңалықтар

Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі деп күтілуде. 

“Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді”, – деп қосты Ақорда.