Желіде тараған "Айканың тізімі" бойынша іс Антикорға берілді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында әлеуметтік желілерде жеке деректер туралы ақпараттың шығуы, сенімділігі мен таралуының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІМ.
Осыған байланысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатқаны айтылды.