weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тікелей эфирде Путинге тіл тигізген блогер қамауға алынды

Диас Кузаиров қамауға алынды

Тікелей эфирде Путинге тіл тигізген блогер қамауға алынды
Фото: Д.Кузаировтың жеке мұрағатынан

Тікелей эфирде Ресей президенті туралы боғауыз сөйлеген Диас Кузаиров 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Белгілі блогерге “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті. 

Бірақ судья айыпталушыға сенбей, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→