weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мереке күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дауылдық ескерту жариялады

Мереке күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: ТЖД

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок бекеттер қойылғанын айтты облыстық ТЖД,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дауылдық ескерту жариялады. Жылымықтың әсерінен, қатты жауын-шашын түсуіне, сондай қар жамылғысының құбылмалы жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. "Қазселденқорғау" мамандары наурыз айында қар көшкінінің ең қауіпті түрі мұзды сел болуы мүмкін деп ескертті. "Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында: Шымбулақ ТШК , "Аюсай" бөгетінен жоғары "Визит центр" (үлкен Алматы аумағы), кіші Алматы өзеніндегі "Эдельвейс" бассейніне блок бекеттер қойылды. Осыған байланысты тұрғындардан 21-23 наурызда тауға шықпауды сұраймыз", - делінген хабарда. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→