Қырғызстандағы Ұлттық Ғылым Академиясының Сейсмология институтының мәліметі бойынша, таңертең сағат 6:03-те жер сілкінді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Геджиге ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км, Нұра ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 108 км жерде орналасқан.
Өлкенің елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Геджиге,Қара-кіндік, Кек-Су аумағында 2,5 баллды құрады.
Айта кету керек, Қырғызстанда кеше, 19 наурызда сағат 21.05-те эпицентрде 3,5 баллдық жер сілкінісі болды.
ҚР ҰҒА Сейсмология институтында хабарлағандай, ошақ Қырғызстан аумағында орналасқан.
Елді мекендердегі жер сілкінісінің қарқындылығы Қашқа-Суу, таш-Дебе ауылдарында 3 балл, ал Бішкек қаласында, Күнтуу, Арчалы, Арашан, Кой-Таш, Байтик, Таш-бұлақ, Алмалы ауылдарында 2,5 баллды құрады.