Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 400 миллион теңге жымқырған ба?

Ақтөбеде қаржы жымқырғаны үшін сотталған бухгалтер жұмыс істеген мектепте 8 жылға жуық уақыт ішінде мемлекеттік аудит бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбегені анықталды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Бұл іс резонанс тудырды. Сонымен қатар, көпшілікті оның бірнеше жыл бойы қылмыстық істермен жалғыз айналысқаны таңғалдырды.

Сот отырысы барысында судья Әлиева бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлауға әкеп соқтырған себептерді анықтады. 2019-2023 жылдар аралығында №55 мектепте бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану тұрғысынан бірде-бір мемлекеттік аудит жүргізілмегені белгілі болды. Сондай-ақ, 8 жылға жуық уақыт ішінде мемлекеттік аудит бұл оқу орнында бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген.

Сот Қаржы министрлігіне мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін шаралар қабылдауды талап етіп, жеке қаулы шығарды.

Бұған дейін Ақтөбеде №55 мектеп гимназиясының бас бухгалтері сотталғаны хабарланды. 

Ол аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Жауапты тұлға 8 жыл бойы өзінің банк шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 миллион теңге сомасында залал келтірген.

Тек бір жыл ішінде ол өзіне 200 миллион теңгеден аса қаражат аударған, бұл - бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30 пайызы. 

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ, 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.