Астанада екі тұрғын криптобиржадан 7 млрд тг аса заңсыз табыс тапқан

Олардың қылмыс жасаудағы рөлін ескере отырып 3 және 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы көзделді

Фото: The Moscow

Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған Астана тұрғындарына қатысты үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелмеген, мұндай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, аса ірі мөлшерде кіріс алу дерегі бойынша (ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2) тармағы) К. және С. сотталған.

"К. және С., алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 01.02.2021 жылдан бастап 10.02.2023 жылға дейін Астана аумағында 7 миллиард теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, Binance платформасында цифрлық активтерді – USDT айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Сот үкімі бойынша, К. және С. ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың қылмыс жасаудағы рөлін ескере отырып К. 3 жылға, ал С. 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...