Жаңалықтар

Жабылады! Балаева “Бірақ” ток-шоуы туралы айтыпты

Айда Балаева Facebook парақшасында "Бірақ" ток шоу туралы жазды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында  отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты.

Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.

Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап,  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.

Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады,-деді ол.