weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада тұрғыннан 2,6 келі есірткі тәркіленді

32 жастағы ер адам ұсталды

Астанада тұрғыннан 2,6 келі есірткі тәркіленді
Фото: ҚР ІІМ

Елорда полициясы қала аумағына есірткі заттарын жеткізіп, сататын тұрақты арнаны жойды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның көлігін тінту кезінде белгілі иісі бар зат салынған полиэтилен пакетін тауып, тәркіленді.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақшыл түсті зат және электронды таразы бар 76 полиэтилен пакеті табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, елорда тұрғынынан тәркіленген заттар мефедрон, каннабис шайыры, марихуана есірткі заттары екені расталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,6 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→