«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысының спортшы-балаларына 720 жұп шаңғы сатып алды

Алматы облысы өңірлерінде шаңғы спортын дамыту қолға алынуда

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ақмола облысының өңірлерінде шаңғы спортын дамытуға арналған «Ауылға шаңғы жолы» қайырымдылық жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 721 шаңғы жабдығы жиынтығын сатып алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Қазақстан халқына" қорына сілтеме жасап.

2024 жылғы 26 қаңтарда Көкшетау қаласында «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ шаңғы базасында, Канвондо қаласында (Оңтүстік Корея) өткен IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында ҚР Ұлттық құрамасының қатысушыларын қолдау мақсатында шаңғы жарысы бойынша облыстық жарыстардың ашылуы шеңберінде шаңғы жиынтықтары мен тау шаңғысы жабдықтарын беруге арналған сертификаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шарада Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Чинкисбаева құттықтау сөз сөйледі.

Марат Ахметжанов бұқаралық жарысқа қатысушыларды құттықтай отыра: «Біз Ақмола облысын еліміздің шаңғы базасына айналдыруымыз керек. Ол үшін барлық жағдайды жасалған. Ақмола облысы қашанда қысқы спорт түрлерінің жақсы дәстүрлерімен танымал. Ал біз бұл дәстүрлерді жаңғыртуды жөн көрдік. Бұл ретте бізге «Қазақстан халқына» қоры көмектесіп, 700 жұптан астам шаңғы жабдықтарын алуға ақшалай қаражат бөлді. Бүгінгі бастама спортшыларымыз үшін үлкен жеңістердің бастауы болсын», - деп атап өтті.

Іс-шараға спорт мектептерінің оқушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары мен облыстың спорт жұртшылығы қатысты.

Бурабай ауданынан спорт шеберіне үміткер Скрипкин Михаил 8 жыл бойы шаңғы жарысымен айналысады.

«Бізге австриялық шаңғы берілді, ол шаңғымен жетекші спортшылар жарысады. Мен бұл спортпен көп жылдан бері айналысып келемін және жаңа құрал-жабдықтар спорттық жетістікке жетуге қосымша мотивация болып табылады», - деп өз әсерімен бөлісті қатысушы.

«Ауылға шаңғы жолы» жобасы Қазақстан Республикасында шаңғы спортын олимпиадалық спорт түрі ретінде дамытуға және қолдауға бағытталған. Жоба спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы ауылдарда шаңғы тебу секцияларын танымал етуді және ашуды - қажетті шаңғы жабдықтарын алуды және Ақмола облысының барлық ауылдарына таратуды көздейді. Қайырымдылық жобасы аясында Қор тау шаңғысы жабдықтарын сатып алуға  75 650 900 теңге бөлді.

Жүктелуде...