Жаңалықтар

Желіде екі миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кетіпті

Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың жеке деректері жарияланып кеткенін анықтады,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Барлығы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 миллионнан астам деректері анықталды (Ресей – 23,6 миллион (zaimer.ru – 16,8 миллион, adengi.ru – 6,8 миллион); Филиппин – 5 миллион (digido.ph); Вьетнам – 2 миллион (vietloan.vn).

Мемлекеттік кеден қызметі де сыртқа шыққан мәліметтерге талдау жасады. Клиенттердің жеке басын анықтаған кезде оларға EgovMobile мобильді қосымшасында тиісті хабарламалар жіберілетіні атап өтілді.

Басқарма Қазақстанның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін қосты.

"Тікелей осы фактіге сүйене отырып, қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кеткен деректер базасының операторларын жоспардан тыс тексеру жоспарланып отыр.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша деректер базасының операторларына қатысты заңнама талаптарын бұзушылықтар, құқық бұзушылықтың субъектісі мен құрамы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылады. Сондай-ақ санатына қарай 100-ден 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", – делінген хабарламада. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке деректердің таралуына жауапкершілікті күшейту шараларын қабылдауда.