Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Фото: aviasales.ru

Алматыда тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖД мәліметінен сілтеме жасап.

"6 наурызда, алдын ала сағат 5:11-де Алматыда жер сілкінісі болды, оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі өңдеп жатыр. Жер сілкінісінің ошағы мен күші туралы ақпарат нақтыланып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жер сілкінісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 05:09-да тіркелген.

​Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде, Қытай аумағында, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,6. MPV магнитудасы - 5,4. (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда екі балл.

Жүктелуде...