Коуч Роза Әшірбаева көп бала тумауға шақырды

“Еркегіңе сенесің бе?”

Фото: инстаграм желісінен

Блогер, коуч Роза Әшірбаева көп бала тумауға шақырды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Сосын ше, патырлатып туа беруді қойыңдаршы. Сенің байың бір күн болмаса, бір күні тоқал алам десе, кетем десе, алимент төлемейді. Қай жақтарыңа қарап туасыңдар. Соған таңғалам. Бұл
не? Бәрін қалай тауып жатырсыңдар? Еркегіңе
сенесің бе, точно? Ешқайда кетіп қалмай ма? Әйелдерін өлтіріп тастап та жатыр. Байың тастап
кетсе… 22 млрд теңге қарыз алиментщиктер!
Қаншама бала алимент төлемейді. Әйел соншама баланы қалай асырайды? Кедейлік қой бұл", - дейді психолог.

Жүктелуде...