Алматыда автобус бетон тірекке соғылыпты

Төрт жолаушы жарақат алды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты бүгін, 5 наурызда сағат таңғы 6:45-те Сүйінбай мен Шолохов көшелерінің қиылысында болған.

Жеке тасымалдаушы компанияға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі, 1966 жылы туған азамат Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульге ие бола алмай, кедергіге, атап айтқанда, көпірдің бетон тірегіне соғылған, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жүктелуде...