Бүгін 3 наурызда Семей қаласындағы жеке сектор - Строительный елдімекеніндегі үйде екі адам иіс тиіп, ауруханаға түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексере келгенде үйдегі қатты отынмен жанатын пештің мұржасы бітелген болып шықты.
Оқиға орнында Абай облыстық ТЖД-ның бір қызметкері және бір техникасы жұмыс істеді.
ТЖМ пеш жағатын ел азаматтарынан бұл ретте мына ережелерді сақтауды сұрайды:
- пешті ережелерге сай пайдаланыңыз;
- мұржаны уақытылы тазалап, желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отырыңыз;
- пештерді тек мамандарға салдыртып, жөндетіңіз.