weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Бишімбаев халықты алдауды біледі» Зайытов Қазақстан сотын сынады

Мәжіліс депутаты Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

«Бишімбаев халықты алдауды біледі» Зайытов Қазақстан сотын сынады
Фото: orda.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаев халықтың пікірін өзгертуге тырысып жатыр, деп хабарлайды,- newsroom.kz порталы.

«Қуандық Бишімбаев деген ескі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдауды керектігін жақсы біледі. Қоғамдық пікірді бұруды өте жақсы меңгерген адам. Қазір кезде қайтыс болған Нүкенова ханымның тарапына жасалып жатқан шабуылдар – сол әулеттің қоғамдық пікірді қалай бұрмалауды жақсы меңгергенінің көрінісі.

Олар сонымен қатар желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат таратты. Мұның бәрі манипуляция. Біздің сот жүйесі жеке мемлекет секілді жұмыс істейді. Істі ашқысы келсе ашады, жапқысы келсе жабады. Халықтың қатысуымен ашық сот жасау керек дейтіндей, Бишімбаев деген оппозициялық тұлға ма? Халықтың сөзін сөйлеген адам ба? жәбір көрген адам ба», — дейді Ринат Зайытов.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→