weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада 7 жастағы бала мұз ойылып, суға құлап кетті

Балықшылар баланың өмірін құтқарып қалды

Астанада 7 жастағы бала мұз ойылып, суға құлап кетті
Фото: ПД

Елордада балықшылар мұз ойылып, суға құлаған 7 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оқиға бойынша "102" жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

"Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген адамдардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→