weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“4 баланың туған анасы анықталды” Жәнібек Қазақстанға келе жатыр

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек туған Отанына келе жатыр

“4 баланың туған анасы анықталды” Жәнібек Қазақстанға келе жатыр
Фото: инстаграм желісінен

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qazaqstantv-ға сілтеме жасап.

Ол бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» шарасына қатысады деп жоспарланған.

Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Мың алғыс» шарасында Жәнібектен бөлек, 1930 жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→