Жаңалықтар

Қазақстанда көп балалы отбасыларға қандай жеңілдіктер беріледі?

27 ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемін жариялады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар жалпы сомасы 38,1 миллиард теңгеге орта есеппен 571,6 мың отбасын қамтыған.

"Кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылар немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттер табысына қарамастан, аталған мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере алады", – делінген мәлімдемеде.

Еңбек министрлігі төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланғанын хабарлады:

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 7% ұлғайтылды. Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474, 8 миллиард теңге қарастырылған”, – делінген хабарламада.