weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елордадағы дәмханада лағманның орнына есірткі сатыпты

49 жастағы күдікті ұсталды

Елордадағы дәмханада лағманның орнына есірткі сатыпты
Фото: polisia.kz

Елорда полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→