Аймақтар

Ақтаудың оқушысы әлемдік ЖОО-нан 208 мың долларлық грант жеңіп алды

№ 13 Ақтау гимназиясының 11-сынып оқушысы Диляра Сапар Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған Шанхайдағы Бірінші халықаралық Қытай-Америка университетінің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды newsroom.kz поталы inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Университетте 19 түрлі мамандық бар. Ақтаудан келген оқушы бизнес пен экономика саласын таңдады. Грант сомасы 208 000 доллар, бұл оқу шығындарын толық жабады.

Нью-Йорк университеті беделді университеттердің бірі болып саналады, ол Times Higher Education University Rankings рейтингінде әлемде 30-шы орында. Егер биыл Университетке 50 мыңға жуық түлек құжат тапсырса, онда бакалавриатқа тек 1400 студент қабылданады. Олардың жартысы Қытайдан, қалғандары АҚШ - тан және 70 басқа елден келеді.