Жаңалықтар

Астанадағы жиһаз цехынан өрт шығыпты

Елордалық өрт сөндірушілер ірі жиһаз цехындағы өртті ауыздықтап жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖМ-не сілтеме жасап.

19 ақпанда сағат 8:44-те Астана ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойынша жоғары дәрежеде шақырылды.

"Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.