Иманды болсын! Павлодарда әйел адам алтыншы қабаттан құлап, қайтыс болды
Павлодарда әйел адам алтыншы қабаттың терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Павлодар онлайнға сілтеме жасап.
Жедел жәрдем қызметіне 13 ақпан күні қоңырау келіп түскен. Медициналық топ бұл жерге төрт минуттан кейін келген.
"Қоңырау сағат 17:03-те келді. Медициналық топ бірінші санат бойынша жедел жіберілді. Зардап шеккен - 51 жастағы әйел, ауыр жарақатпен ол №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді",- деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдемде жәбірленуші № 1 қалалық аурухананың қарқынды терапия бөліміне жеткізілді.
Дәрігерлер зардап шеккен адамның өмірі үшін үш сағат бойы күрескен, бірақ көмектесе алмады. Әйел адам ауруханада ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайы белгісіз.