weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 ақпан, 2024 / Рысжан Амантай / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандықтарға 138 000 теңге сыйақы түсіп жатыр

Отбасы банк салымшыларына сыйақы түсуде

Қазақстандықтарға 138 000 теңге сыйақы түсіп жатыр
Фото: kazbusiness.kz

Мемлекет тарапынан Отбасы банк салымшыларына сыйақы түсті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Жылда Мемлекеттен 20 пайыздық 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сыйлықақы түседі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Сіздің жинаған қаражатыңыз бұл сомадан аз болса да, сол жинақтың 20%-ы шотыңызға түседі.  

Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары былтырғы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс еді.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Отбасы банктегі жеке тұлғалардың салым мөлшері 2,296 трлн теңгені құраған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→