weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір түнде Астанадан 40 мың текше метрден астам қар шығарылыпты

Қыс басталғаннан бері полигондарға 4,1 млн текше метрден астам қар жеткізілді

Бір түнде Астанадан 40 мың текше метрден астам қар шығарылыпты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық коммуналдық қызмет көшелерді, аулаларды, алаңдар мен жолдарды қар мен мұздан тәулік бойы тазалау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Күн сайын 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмысқа тартылады. 9 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде 8-9 ақпан аралығында қаладан үш мыңға жуық рейс 40 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басталғаннан бері полигондарға 4,1 млн текше метрден астам қар жеткізілді, бұл 302 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→