Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
5 ақпан күні Қазақстан үкіметі оставкаға кетті. Мемлекет басшысы сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев қаулыға қол қойды деп хабарлайды Newsroom.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі"-делінген ведомстваның мәліметінде.