Жаңалықтар

Нағима Есқалиева туған күнін дүркіретіп атап өтті

Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 70 жаcын дүркіретіп тойлап, жақындарының жанында қарсы алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Нағима Есқалиеваны замандасы әрі досы Роза Рымбаева да құттықтап, тағдыры ұқсас екенін айтты.

Жолымды лауреаттықтан бастадым, сосын Нағима алды. Сонан соң Нағима ұлды болды, артынша мен де ұл тудым. Осылай өмірде екеуміз қатар келеміз, бірақ бізді салыстырудың қажеті жоқ. Нағиманың өз әні, өз стилі, өз репертуары бар, ал менікі бөлек. Нағима, біз қазақ эстрадасына аз да болсын үлес қостық деп айтуға құқымыз бар деп ойлаймын, - деді Роза Рымбаева.

Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде 1954 жылы 3 ақпанда жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады.