Жаңалықтар

Қытайда тағы жер сілкінісі болды

Қытайда тағы бір жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09.18-де тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы — 4,3, — делінген хабарламада.

Біздің елімізде жер сілкінісі тіркелген жоқ.