Жәнібекті асырап алуға байланысты тың дерек шықты

Жәнібек Жұмағұловты асырап алған Бельгиялық келіншектің есебі неге түгел емес?

Фото: Aikyn.kz

Қымбат Досжан Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне жолдаған хатына жауап алғанын Қазақ Радиосын-да айтты ,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы.

Хаттағы сауалға елшілік жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

Аталған хаттағы маңызды сауалдың бірі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған Бельгиялық келіншектің есебі неге түгел емес?".

Екіншісі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған Бельгиялық келіншек бірнеше рет медициналық емдеу мекемесіне жатқызылған. Сол жылдары

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі, Қазақстанның "Сыртқы Істер Министрлігі баланың жағдайынан хабардар болған ба? Егер мемлекеттік органдар хабардар болса, қандай шешім қабылданды?"

Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Марғұлан Баймұханнан келген жауап хаттың мазмұны тікелей эфирде айтылды.

Ол  бірінші сауалға Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап Бельгиядағы елшілікке жүгінбегенін айтады. Ал, Жәнібектің айтуынша бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда Испанияға кетіп қалған. Сондықтан ол Қазақстанға анасын іздеп, Испаниядан келген болатын.

Елшілік хатындағы екінші мәлімет: «Vlaams Centrum voor Adoption» Фландрияның Бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке (тікелей) болды. Сондай-ақ, осы Орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты одан әрі қадамдар жасауға құқы жоқ дегендей жауап алдық! Дұрыс түсініңіздер, Жәнібек емес, Орталық өкілі есеп сұрай алмайды деп тұр. Өйткені бала кәмелеттік жасқа толып кеткен деп хатқа жауап білдірген.

 

Жүктелуде...