Жаңалықтар

Атырауда киімге толы жүккөлік түгі қалмай жанып кетіпті

29 қаңтар күні сағат 15:57 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында жанар-жағармай бекетінің тұсында Түрік елінде тіркеуде тұрған «Mercedes Bens» көлігінің (фура) тіркемесі өртенді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ.  Оны сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Сағыз ауылының №12 Өрт сөндіру бөлімінен 12 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Бұл туралы аталған департаменттің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өкініштісі, бүгінде жүргізушілер өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Биыл жыл басынан бері аймақта 12 көлік өрті тіркелген. Көбінесе, қызыл жалын электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан тұтанады.