Қайрат Нұртас: олар күніге банан мен ананас жейді

Белгілі әнші отбасының қалай тамақтанатынын айтты

фото: инстаграм желісінен

Белгілі әнші Қайрат Нұртас жанұясындағы берекенің сыры туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ne habar инстаграм желісіне сілтеме жасап.

"Менің отбасым, бала-шағам кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың баласы болғанына. Олар күнде банан жейді, олар күнде ананас жейді. Әрақайсысының астында машинасы бар. Аллаға шүкір! Оның бәрін тапқан мен, олар мойындайды. Бірақ, мен қарақан басымды алып қашқан емеспін. Мен осы уақытқа дейін, жасым 34-ке келсе де, бүткіл табысымды анама апарып беремін. Ал, анам - берекелі, бәріне шашып беруші. Ол бәрін ойлайды. Егер мен өз қарақан басымды ойлап, самолет алып ұшып кетіп, ата-анамды ауылға тастап кетсем, онда маған не бақыт? Сондықтан өз бастарыңызды ойламай, отбасыларыңызды ойлаңыздар",- деді Қайрат Нұртас.

Жүктелуде...