2023 жылы Қазақстанда 89,9 млн тонна мұнай өндірілген. Энергетика министрлігі қай елдер кен орындарын игеріп жатқанын мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Министрліктің мәліметінше, өндірістің 33,1%-зы Қазақстанға тиесілі. Екінші орында – 30,9% көрсеткішпен АҚШ тұр. Содан кейін Еуропа елдері (18,4%), Қытай (11,4%), Ресей (3,5%) .
Мұнайдың ең көп үлесі мұнайлы астанамыз Атырау облысында өндірілді – 58,6%. Маңғыстау облысында – 18,5%, Батыс Қазақстан облысында – 13,65%. Бұдан кейін Ақтөбе облысы – 5,1%, Қызылорда облысы – 4,1%, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында – 0,05%.