weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады
фото: inbusiness.kz

29 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Астана полиция департаменті хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Қажет сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді полиция.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 17 қаңтарда тіркелген.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді Зәкиева.

Бұған дейін Атырау тұрғыны мүгедек баланы зорламақ болған оқиғадан кейін 17 жылын түрмеде өткізетіні хабарланған еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→