weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Асанәлі Әшімов марапаттарын мемлекеттік архивке тапсырмақ

Актер Асанәлі Әшімов ордендерін мемлекетке тапсырмақ

Асанәлі Әшімов марапаттарын мемлекеттік архивке тапсырмақ
фото: turkystan.kz

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов марапаттарын мемлекеттік архивке тапсыратын болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтеді. Соғае байланысты Асанәлі Әшімов өз марапаттарын архивке тапсырмақшы.

"Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсыратыны айтылды",- делінген мәлімдемеде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→