weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылыпты

Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты. Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→