Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 28 қаңтарда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың батысында тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Шымкентте түнде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші  секундына 15-20 метрге жетеді.