Жаңалықтар

Оралда полиция қызметкерімін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990ж.т. Орал қаласының  басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында  «страйкбол» ойыны үшін автомат, аталған автоматтың  1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.