weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сайлауда Сәрсенбаевтан озған депутат: Алматыны Алланың ескертуі депті

Депутат Instagram әлеуметтік парақшасында бұл құбылысты дінмен байланыстырды.

Сайлауда Сәрсенбаевтан озған депутат: Алматыны Алланың ескертуі депті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты ойын, пікірін білдірді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Депутат Instagram әлеуметтік парақшасында бұл құбылысты дінмен байланыстырды.

-Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені, үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан. Тәубеңе кел, - деп жазды Ардақ Назаров.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→