Жаңалықтар

Елорда вокзалында жолаушылар бір-бірін таптап кете жаздады

ҚТЖ Астана-1 вокзалындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Жолаушылардың көптігінен қауіпсіздік техникасы сақталмаған көрінеді.

Биылғы 14 қаңтарда демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келу себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті. Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазір вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - делінген мәліметте.