Ислам әлемінде рақымы мен берекеті мол «үш айдың» бастауын білдіретін Рағаиб түні бүгін қаңтардың 11-нен 12-не қараған түні атап өтіледі,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Үш айдың бірі ережеп айының басындағы бейсенбі күнін жұмамен байланыстыратын түні атап өтілетін Рағаиб түні «рақым және берекет түні» ретінде қабылданады.
Сөздікте «бағалы, құнды» деген мағынаға келетін рағаиб сөзі хадис және фыкыхта «мол сауап, парасатты амал» деген мағыналарда қолданылады.
Бұл түні мұсылманның тілеген тілегі мен дұғасы кері қайтарылмайды.
Қасиетті түні көп дұға етіп, құлшылық жасап, пайдасыз іспен шұғылданбау керек.