“Қылмыстық іс қозғалды” Қымбат Досжан Жәнібектің анасын іздеп Арқалыққа барыпты
Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібектің анасына қатысты ақпаратты Қымбат Досжан әлеуметтік желісінде бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Журналист Астанадан Арқалыққа арнайы барып, біраз мәселені шешуп келген екен. Жазуынша, 10 шақты әйелге күдік бар көрінеді.
"Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапардың басты мақсаты - қылмыстық іс қозғалды. Он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеп аяқталмайынша барлық мәліметтерді жариялауға құқым жоқ. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз, - деді ол Instagram парақшасында.