Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатынан жарақат алды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов жол апатына түсті

Фото: kerek.pv

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов жол апатына түсті, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы kerek.pv телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Батырғожинов құтқарушылар апатының себептерін анықтау жөніндегі комиссия құрамында Майқайыңнан Павлодарға қайтып келе жатқан. Батырғожинов мінген көлік жол жиегіне шығып кеткен. Жүргізуші зардап шекпеген, бірақ әкімнің орынбасары жарақат алып медициналық көмекке жүгінді.

Апат туралы ақпаратты Павлодар облысының әкімдігі растады. Оқиға 8 қаңтарда кешке Майқайың ауылынан Павлодарға баратын жолда болған.

"Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов шынында жол апатына ұшырады. Басқа көліктер болмаған және зардап шеккен жоқ. Орынбасардың көлігі жол жиегіне шығып кеткен, Серік Батырғожиновтың өзі жеңіл жарақат алған, жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...