Алматыдан 404 шақырым жерде жер сілкінді
5 қаңтар күні сағат 00:51-де Алматыдан 404 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігі.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 404 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 4.1. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Қазақстанда сезілмеген.