Жаңалықтар

Ақмола облысында 33 жастағы қызметкер 34 млн тг ұрлапты

Ақмола облысында ЖШС қызметкері жұмыс орнынан 34 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда сот-экономикалық сараптама жүргізілуде, деп хабарлайды newsroom.kz.

Тәртіп сақшылары бір жыл бұрын жасалған қылмысты ашты. Өткен жылдың 9 маусымында Аршалы ауданының полиция бөліміне ЖШС басшысы арызданған. 

Айтуынша, ұйымда қаржылық құжаттарды тексеру кезінде 34 миллион теңге сомасында кемшілік анықталған. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған ЖШС-інің 33 жастағы қызметкері анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша күдікті дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы кәсіпорын қаражатын өзі құрған ЖК-нің банктік шотына аударған, - делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.