Журналист Аслан Каженов әлеуметтік желісінде "Астана" сапында ойнайтын футболшылардың жалақысы туралы ақпаратпен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұған дейін «Астана» сапындағы Дембо Дарбо 13 млн тг жалақы алатынын жариялағанымызда әлеуметтік желіде біраз пікірталас болып еді.
Аслан Каженовтың жазуынша бұл тек бер жағы көрінеді.
"Отандық телеграмм арналар басқа легионерлердің де айлықтарын шығарып жатыр. Мәселен, дәл сол «Астанадағы» хорватиялық қақпашы Йосип Чондрич ай сайын 12 600 000 тг алып келіпті. Армениялық қорғаушы Вараздат Ароян 14 800 000 тг қалтасына басып жүрген.
Ал, сербиялық жартылай қорғаушы Душан Йованчич, тіптен, потолок орнатып тастапты. 19 млн тг. Негізі, соңғысы перебор сияқты.
Бірақ, осындай ақпарат бар. Бас бапкер Григорий Бабаян болса, айына 12 000 000 тг тауып келді және таба да береді.Осы тұрғыда елордалық клуб ашық сұхбат беріп, жағдайды түсіндіргені дұрыс-ау. Өйткені, күн сайын шок болғанның үстіне шок болып жүрміз. Мынадай сандарды қарапайым халықтың жүйкесі көтере бермейді...,- деп жазды журналист.