Түркістанда екі медициналық нысан пайдалануға беріліпті

Түркістан облысында екі медициналық нысан ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында екі медициналық нысан халық игілігіне пайдалануға берілді,-деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Түлкібас ауданында медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекен анықталған еді. Былтыр 4-еуін жаңа ғимаратпен қамту жоспарланып, құрылысы тұрақты жүргізілді. Бүгін Тұрар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті ашылды. 
 

Қазығұрт ауданындағы орталық ауруханасының компьютерлік томография, ультра дыбыстық зерттеу аппараттары, инжектор құрылғысы орнатылып, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жергілікті тұрғындар енді іргелес жатқан аудандар немесе облыс орталығына сабылмай өз тұрғылықты жерінде ем-дом қабылдайды. Одан бөлек, Қақпақ елді мекенінде де фельдшерлік-акушерлік пункті қолданысқа берілді. Биыл өңір бойынша ауылды жерлерде 49 медициналық нысанның құрылысы басталады. 

Өздеріңізге белгілі Түркістан өңірі бала туу көрсеткіші жағынан көш басында. Статистика бойынша әрбір 7-ші сәби біздің облыста дүниеге келеді.  2024 жыл басталғалы 190 нәресте дүниеге келсе, оның 102-сі ұл, 88-і қыз, 1-еуі егіздер. Жалпы науқастарға сапалы қызмет көрсету, халықтың денсаулығын түзеу өте маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Жүктелуде...