Әлем

Мәскеудегі қазақ ұйымының көшбасшысына қылмыстық іс қозғалыпты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі қазақ қауымдастығының басшысы Полат Жамаловқа қатысты Ресей армиясына қарсы жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы ТАСС құқық қорғау органдарында хабарлады.

"1944 жылы туған Мәскеудегі қазақ қауымының басшысы Полат Жамаловқа қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207.3 - бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ресей Федерациясының қарулы күштері туралы жалған ақпаратты көпшілікке тарату)", - деді агенттіктің сұхбатшысы.